• Каспий теңізінің құқықтық режимінде Иранның мүдделерінің сақталу қажеттігі қуатталды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының баспасөз өкілі Әли Наджафи Хошруди IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенциясына қарсы кеңістік тудыру әрекеттеріне тоқталып: "Каспий теңізі маңындағы елдер бұл теңізге қатысты түрлі құжаттармен алмасты. Алайда Каспий теңізінің құқықтық режимі мәселесі қайшылық тудырғандықтан бұл тақырып әлі шешімін тапқан жоқ.

Иран өзінің құқықтарына қатысты ешқашан саудаласпайды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясында барлық жағалау елдерінің мүдделері ескерілумен қоса Иранның да мүдделері сақталған",- деді.

 

 

Тегтер

Aug 15, 2018 21:53 Asia/Almaty
Сараптама