• Лариджани қарсыласу қозғалысын 33 күндік соғыстағы жеңісінің жылдығымен құттықтады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берриге хат жолдап, сионистік режиммен 33 күндік соғыста қарсыласу қозғалысының жеңіске жеткен күнінің жылдығымен құттықтап: "Осы соғыста қарсыласу қозғалысының жеңісіне Ливан халқының бірлігі мен біртұтастығының саясында жауынгерлердің мықты табандылығы, көрегендігі мен ойластырылған амалдарының арқасында қол жеткізілді",-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  Әли Лариджани: "Қарсыласу қозғалысының жеңісі әлемдік үстемшілдер мен Құдсты басып алған режимге Таяу Шығыс аймағындағы халықтардың отаршылдардың қастандықтарына үнсіз көне салмайтындай дәрежеге жеткенін және бар күш-қуатымен өздерінің абырой-айбыны мен мақтанышқа толы тарихын қорғайтынын дәлелдеді",-деді.

Сионистік режим армиясы мен Ливан Хезболласының күштері арасында болған 33 күндік соғыс 2006 жылдың шілде айында басталып, 14 тамызда Ливан Хезболласының жеңісімен аяқталды. Сионистік режим Ливанға қарсы ы соғыста жеңіліс тауып, ауыр шығын көріп, кері шегінді.

 

Aug 16, 2018 15:37 Asia/Almaty
Сараптама