Теһран жұма намазының имамы дұшпанның Иранның экономикасына соққы беруге бағытталған қастандық әрекеттеріне сілтеме жасап, Иран Ислам Республикасының дұшпанның экономикалық қастандықтарымен күресу үшін орасан зор күш-қуатқа ие екенін қуаттады.

Ходжат ул-ислам уәл-муслемин сейіт Мұхаммад Хасан Абуторабифард осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына тоқталы, АҚШ-тың санкцияларын Иран экономикасының гүлденуі үшін жақсы мұрсат деп атады.

Абуторабифард Иранның Ирактың БААС режиміне қарсы сегіз жылдық Қасиетті қорғанысының елді саяси, ғылыми, экономикалық және әскери тұрғылардан биік шыңға көтергеніне тоқталып: "Ливан, Сирия, Ирак, Йемен мен Палестина Иранның Қасиетті қорғанысынан үлгі алып, үстемшіл жүйемен күресіп жатыр",- деді.

 

 

Aug 18, 2018 13:13 Asia/Almaty
Сараптама