ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілер қатысқан баспасөз конференциясында АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінде Иранға қатысты жұмыс тобының құрылғаны туралы: "Бұл елдің қатынасы мен шаралары барлық танылған халықаралық ережелерге қайшы. Мұндай әрекеттер еш нәтиже бермейді",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы еуропалықтардың экономикалық шаралар пакеті мен еуропалық компаниялардың Иранда болу жоспарын ұсынуға талпыныс жасап жатқаны туралы: "Еуроодақтың саяси ұстанымы анық. Еуроодақ та, Ресей мен Қытай да АҚШ шыққаннан кейінгі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мүшелері ретінде экономикалық әріптестік немесе "экономикалық пакет" ұсынып, соны ілгерілетуге талпынып жатыр. Бірақ, экономикалық шаралардың күрделілігі мен АҚШ-тың қысымдары салдарынан жұмыстың үдерісі баяу",-деді.

Ғасеми ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің Германия канцлері Ангела Меркельдің ядролық  келісімді сақтауды қалайтынын, мұнымен бір мезгілде Иранның зымырандық бағдарламасының дамуына алаңдайтынын білдірген сөздері туралы сұрағына жауап беріп: "Иранмен ядролық  келісім бойынша келіссөз жүргізген елдер зымырандық бағдарлама мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бір-бірінен бөлек екенін басынан білген",-деді.  

 

Тегтер

Aug 20, 2018 21:24 Asia/Almaty
Сараптама