Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Израиль режимнің қауіпсіздігі үшін алаңдап отырғанын айтып: "АҚШ пен Израиль режимі тарапынан жасалатын аз ғана ақымақтық оларды өкіндіретін болады. Қарсыласу күштерінің мыңдаған зымыраны Тель-Авивті жермен-жексен етуге сақадай сай тұр",- деді.

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында ислам революциясы жетекшісінің америкалықтардың бұл соғыста 100 пайыз зиянға ұшырайтынын білгендіктен, соғыстың орын алмайтыны туралы айтқан сөздеріне сілтеме жасап: "ИИР-ның тежегіш күші мен әскери қуаты – АҚШ-ты Иранмен соғысудан ұстап тұрған маңызды фактор",- деді.

Мовахеди Кермани АҚШ-тың Батыс Азия аймағында өз мүдделеріне жетуді көздеп отырғанын айтып: "АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" бағдарламасында бұл елге сенім артуға және олармен келіссөз өткізуге болмайтынын дәлелдеді",- деді.

 

 

 

Aug 25, 2018 18:25 Asia/Almaty
Сараптама