ИИР президенті Рухани Иран халқының бірлік, ынтымақ және табандылық арқылы сионистік лоббидің талпыныстары мен АҚШ-тың қастандықтарын залалсыздандырғанын қуаттады.

Хасан Рухани сенбі күн "Үкімет апталығының" екінші күні ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесінде сөйлеген: "Иран халқы ИИР дұшпандарының Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінідегі қастандық әрекеттерін залалсыздандырды.

Қазіргі жағдайда имам Хомейнидің Иран халқына үйреткен жолын тағы еске түсіру қажет ",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани үкімет мүшелерімен бірге "Үкімет аптасының" екінші күні имам Хомейнидің кесенесінде жиналып, Иран Ислам революциясының негізін қалаушы ұлы тұлғаға құрмет көрсетіп, қабіріне гүл шоғын қойып, хазіреттің рухына Құран аяттарын бағыштап, имам Хомейнидің армандарына адалдықтарын тағы мәлімдеді.

 

Aug 26, 2018 10:20 Asia/Almaty
Сараптама