Теһранда өтіп жақтан 30-шы Ұлттық қолөнер көрмесі аясында Ираның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының басшысы Әлиасқар Мунесан Iran Press ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында: "Иран кеденінің стратегиялық мәліметі бойынша, 2018 жылдың 21 наурызы мен 21 мамыры арасында құны 32 млн долларды құрайтын қолөнер бұйымдары экспортталды. Бұл сома 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 66 пайызға өскен",-деді.

Әлиасқар Мунесан Иранның қолөнер бұйымдары экспортының 2 млрд долларға дейін артуын Ираның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының ең маңызды мақсаты деп атады.

30-шы Ұлттық қолөнер көрмесі сенбі күні Теһранның Халықаралық көрмелер орталығында басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

 

Тегтер

Aug 26, 2018 16:53 Asia/Almaty
Сараптама