Иран Ислам революциясының жетекшісі америкалықтармен жүргізген барлық келіссөздердің теріс болғанын қуаттап: «Ирандықтар үшін қанжарды дайындап отырған АҚШ басшыларымен ешбір деңгейде келіссөз жүргізілмейді»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні ел Президенті және Үкімет мүшелерімен кездесуінде Иранмен келіссөз жүргізуді АҚШ-тың бүкіл үкіметтері үшін қажеттілік деп атап: «Олар біз тіпті Иранды да келіссөз үстеліне келтірдік деп айтқысы келеді. Сондықтан бұрын дәлел келітіріліп, айтылғандай олармен ешбір келіссөз жүргізбейміз»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі көршілес елдермен жақын әрі күнделікті дамып келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ, еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынастар туралы қуаттап, Еуропамен қарым-қатынас пен келіссөздерді жалғастыруды жөн көріп: «Бірақ олармен бұл істі жалғастырумен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы немесе экономика мәселелеріне қатысты үмітті үзу керек»,- деді. Аятолла Хаменеи Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен санкция сынды мәселелерге қатысты орынсыз әрекеттерін сынап: «Олардың уәделеріне күдікпен қарап, мәселелер үдерісіне абай болған жөн»,- деді.

Аятолла Хаменеи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ұлттық мүдделерді қорғайтын құрал деп атап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – мақсат емес, тек құрал. Егер бұл құрал арқылы ұлттық мүдделерді қорғау мүмкін емес деген нәтижеге жетсек, одан бас тартамыз. Еуропалықтар Иран үкіметі басшыларының сөздері мен амалдарынан ИИР-ның олардың әрекеттеріне орынды реакция білдіретінін түсінуі керек»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі    экономикалық басқарудың қажеттілігі туралы тақырыптың жалғасында Иранның көптеген экономикалық мүмкіндіктерін пайдалануды қуаттап, халықаралық орталықтардың мәліметтеріне сүйеніп: "Иран қолданылмаған мүмкіндіктері тұрғысынан әлемде бірінші орында»,- деді.

 

 

 

Aug 29, 2018 19:44 Asia/Almaty
Сараптама