Теһран жұма намазының құтпагері Иранның зымырандық қуатын нығайту қажеттігін қуаттап: "Әлемдіктер Иранның өзінің қызыл сызықтары, яғни зымырандық қуатынан артқа шегінбейтінін білгендері жөн",- деп айтты.

Аятолла Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында америкалықтардың өз уәделерін бұзып, оларға сенім артуға болмайтынын баяндай келе: "Иран ешқашан АҚШ үкіметімен келіссөз өткізбейді",- деп мәлімдеді.

Аятолла Хатами Иранның өз көршілеріне өз бауырындай қарайтынын баса айтып: "Көршілес елдердің Иранмен бауырластық қатынас танытқанына дейін Иран да өз көршілеріне өз бауырындай қарайды",- деп сөзін жалғады.

 

Sep 02, 2018 04:42 Asia/Almaty
Сараптама