• Аятолла Хаменеи: Әуе қорғаныс базасы Иранның дұшпандарымен күресте алғы шепте орналасқан

ИИР-ның бүкіл Қарулы күштерінің бас қолбасшысы ел Әскерінің әуе қорғаныс базасын Қарулы күштердің өте маңызды бөлігі ретінде дұшпандармен күресте алғы шепте орналасқанын айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Әуе қорғаныс базасы күніне орай өткізілген ИИР Әскерінің Хатам ул-Анбия әуе базасының қолбасшылары және жауапты тұлғаларымен кездесуінде әскердің әуе қорғаныс базасы мен қызметкерлерінің дайындықтары мен қабілеттерін арттыру қажеттігін қуаттап: "Саяси есептеулер тұрғысынан әскери соғыстың орын алатын ықтималы жоқ. Сонымен қатар, Қарулы күштер қырағылық, пен тиімді әрі епті басқару арқылы өзінің адами күштері мен қару-жараққа қатысты қабілеттерін күн сайын арттырып, қарулы күштердің дайындықтарын нығайту жолында жасап жатқан әрбір қадамының Жаратушының алдында жасаған ғибадат және сауап іс саналатынын білгені жөн",- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер

Sep 03, 2018 14:49 Asia/Almaty
Сараптама