ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні апталық отырыста кейбір тілшілердің Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлибтегі өзгерістер мен Теһранның осы туралы саясаттары жайлы қойған сұрақтарына жауабында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің өткен аптада Түркияға жасаған сапарына тоқталып:

"Идлиб өңірі – лаңкестердің соңғы қорғаны болған соң күрделі тақырып. Сирия үкіметі бұл мәселені шешуді мақсат етіп отыр. 

Сирия армиясының Идлибтегі лаңкестердің позицияларына шабуылы лаңкестерді демеушілердің алаңдаушылығын тудырды. Олар соған қатысты теріс жарнама жасап, жанжал шығарды. Бірақ, Сирия үкіметінің тәуелсіз ел ретінде өз елін лаңкестерден қорғауға құқылы екені назардан тыс қалмауы  керек",-деді.

Ғасеми 7 қыркүйекте Иранда өтетін Иран, Ресей мен Түркия басшыларының Сирия туралы отырысына тоқталып: "Иран бұл отырысқа үміт артып отыр. Сирия жағдайы туралы сұхбаттасудың бұл ел мен лаңкестікпен күрес үшін сәтті әрі тиімді болатындығына сенімді",-деді. 

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздер мен Еуропа тарапынан берілген ұсыныстар жайында: "Иран мен Еуропа  қаржы және банк салаларына қатысты көп сұхбаттасты, бірақ жасалған ұсыныстар Иранның күткеніндей болмады және қорытынды кезеңге жетпеді",-деді.

Ғасеми  Еуропаның қалған уақытта осы үлкен сынақтан сәтті өтіп, Иранның ризалығын алатындығына үміт білдірді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирактағы саяси өзгерістер мен сол елдің әртүрлі саяси фракцияларының жаңа кабинет құруға талпынысы туралы: "Иранның Ирактың жаңа саяси құрылымына ықпал еткені немесе ететіні туралы ұстанымдар білдіру негізсіз. Оларға тиісті жауап берілді.

Ирак халқының жаңа үкімет деп таңдаған құрылымына Иран құрметпен қарайды. Екі көршілес елдің қарым-қатынасы тату көршілестік пен бір-бірінің аумақтық тұтастығын сақтаумен жалғасатын болады",-деп қуаттады. 

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі орынбасары Алистар Берттің Теһранға сапары туралы: "Бұл сапар екі ел арасында қалыптасқан қатынастар аясында орын алды. Осы келіссөздердің алдыңғы кезеңі Лондонда өтсе, соңғы кезеңі Теһранда Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі орынбасарының қатысуымен өтті",-деді.

 

Sep 03, 2018 21:51 Asia/Almaty
Сараптама