• Иран мен Сирия Астана келіссөздері үдерісі аясында келіссөздерін жалғастыруда

Лаңкестікпен күрес мәселесіне қатысты Астана үдерісі соңғы кезеңіне жетті. Бірақ, Сирияны қайта құру және саяси шешімдер тақырыптарына қатысты бұл үдеріс жалғасуда.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи сейсенбі күні Иран телеранасына берген сұхбатында Теһранда  Астана үдерісіне кепіл елдер басшыларының үшжақты саммитінің өтетінін туралы хабарлады.

Сирия өзгерістері сезімтал кезеңге жақындады. Бүгінде Сирияда соғысты тоқтатып, қауіпсіздік орнату бағытында  талпыныс жасалуда. Бұл ағымдағы Иранның маңызды рөлі толығымен айқын.

Иран АҚШ-тың қысымдарына қарамастан, Сирия мен қарсыласу қозғалысына жан-жақты қолдауын жалғастыруда. ИИР Конституциясының 154-ші бабы бойынша, әлемнің әлсіздерін үстемшіл саясаттар мен үстемшіл әрекеттерден қорғауды өз жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі санайды.  Ирак пен Сирия стратегиялық және гоеполитикалық тұрғылардан Иран үшін ерекше маңызды. Сондықтан, екі елдің батыс-араб үкіметтерінің қолдауына ие тәкфиршілердің қолына түсуі Иран мен аймаққа орны толмас шығын келтіретіндігіне күмән тумайды. Бұл мәселені біріншіден, Батыстың қарсыласу қозғалысын әлсірету мақсаты, екіншіден, аймақты бөлшектеп, Израильдің жағдайын күшейту сынды екі тұрғыдан қарастыруға болады.

Иран Сыртқы істер министрі: "Теһранда Астана келіссөздеріне қатысатын елдер басшыларының саммитінің өткізілетіндігі мен Идлиб жағдайының өте маңызды болуына байланысты бұл облыстағы лаңкестерді ең аз адами шығынмен шығаруға талпыныс жасалады. Осыған орай Сирияның жоғары басшыларымен де келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер Астана үдерісіне кепіл елдер басшыларының үшжақты саммитінің өтуімен жалғасады",- деді.

Астана үдерісіне кепіл елдер басшыларының үшжақты саммиті Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин және Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның қатысуымен қыркүйектің жетісі күні Теһранда өтеді. Ынтымақтастықтар лаңкестікпен күрес саласында үлкен ықпалға ие бола алады. Сирия мен Ирак армиялары ИИР кеңесшілерінің көмегі және Ресейдің қолдауымен ДАИШ лаңкестік тобынан құтылды.

Алеппо мен Дейр эз-Зорды, Мосул мен Талл-Аффарды азат ету Ирак пен Сириядағы ДАИШ тобын жеңу саласында жасалған үлкен қадамдар саналады. Бұл – АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы күресінің нәтижесі емес, екі елдің мұсылмандарынан құрылған халықтық күштері мен армияларының ДАИШ пен топтың қолдаушыларына қарсы табандылығының нәтижесі.

 

 

Sep 05, 2018 21:01 Asia/Almaty
Сараптама