Хазірет аятолла Хаменеи қазіргі қауіпті жағдайда халық пен зиялы қауымның ең маңызды міндетін мемлекеттік органдардың көмегімен және амалсыздық, үмітсіздік пен тығырыққа тірелу кеңістігін құрудан аулақ болу арқылы халықтың біртұтастығын сақтап, ынтымақтастығын тереңдету бағытында әрекет ету деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі бейсенбі күні Эксперттер кеңесінің төрағасы және мүшелерімен кездесуінде: "Иран халқына жамандық тілеушілер экономикалық соғыс жүргізумен қатар ақпарат құралдары арқылы және үгіт-насихаттық соғыстарды да күн тәртібіне енгізген. Сондықтан сын жағдайды түзетіп, жақсылық тілеу мақсатында айтылуы тиіс",- деп мәлімдеді.

Хазірет аятолла Хаменеи ұлттық бірлік пен біртұтастықты сақтап, қоғамдық пікірді қалыптастыру қажеттігін қуаттап: "Бүгін ислам жүйесі бір соғыс бөлмесінен бар қатаң басқарылып отырған жан-жақты экономикалық соғыспен бетпе-бет келіп отыр. Алайда, осы соғыспен қатар, көбінесе одан хабарымыз жоқ, ақпарат құралдарындағы үгіт-насихаттық тағы бір маңызды соғыс жүргізіліп жатыр",- деді. Революция жетекшісі жамандық тілеушілердің барлық насихаттық кеңістік тудыру әрекеттері мен барлық қиындықтарға қарамастан, елдің өркендеп, революцияның серпінділігін жалғастырып келе жатқанын баса айтып, жастардың «Арбағин» шерулерін, итикаф рәсімін, университеттердегі жамағат намаздары мен рамазан айының отырыстарына жаппай қатысуын рухани салалардағы ілгерілеушіліктің белгісі деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи елдегі қазіргі жағдайға қатысты бір маңызды жайтқа, яғни халық пен елдің басқару органдарының ынтымағына тоқталып, сенім тудыру мен сенімге ие болудың маңызды бөлігін түрлі органдардың шараларымен байланыстырды.

 

 

Тегтер

Sep 07, 2018 12:18 Asia/Almaty
Сараптама