• Жетекші көзқарасы: Ислам жүйесі барлық дұшпандықтарға қарамастан өркендейді

Ислам революциясының жетекшісі Эксперттер кеңесінің төрағасы және мүшелерімен кездесуінде барлық дұшпандықтар мен әртүрлі қастандықтарға қарамастан ислам жүйесінің тамыры тереңге бойлаған қасиетті әрі пәк ағаш секілді одан әрі өркендеп, жеміс беріп жатқанын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи кеше бейсенбі күні Эксперттер кеңесінің төрағасы және мүшелерімен кездесуде қазіргі жағдайдың өте сезімтал екендігіне тоқталып: "Бұл жағдайдың сезімталдығы ислам жүйесінің соңғы қырық жылдың ішінде жаңа жолда қадам басып, мүлдем өзгеше көзқарастар мен теориялар құрып, бүкіл үстемшіл жүйеге қарсы әрекет етуіне байланысты",-деді.

1979 жылы Ислам революциясының жеңіске жетуімен ислам жүйесі бірде-бір Батыс және Шығыс блогында қолданылмаған жаңа лексикамен халықаралық жүйенің құрамына еніп, тәуелсіз, үстемшіл жүйенің еркінен тыс өзінің рөлін атқаруға кіріскен болатын. Дұшпандар ислам революциясы жеңіске жеткен соң ислам жүйесінің дамуы мен өркендеуіне бөгет жасау мақсатында кез келген әдіске жүгінді. Бірақ, қазір бұл жүйе әртүрлі салалар бойынша 40 жылдық тәжірибесімен әлі де жоғарғы мақсаттары бағытында әрекет етіп келеді.

Егер кезінде дұшпандардың ислам революциясын тоқтатудағы негізгі қаруы тікелей қақтығысу, алдын-ала жоспарланған соғыс пен лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру болса, бүгінде олар ел ішіндегі халықтық наразылықтар арқылы ислам жүйесін қиындыққа ұшырату мақсатында экономикалық және психологиялық соғыс жүргізуге бет бұрған. Үкіметтің басқару жөніндегі кейбір мәселелеріне қарамастан, дұшпандар соңында өз мақсаттарына жету үшін қоғамда халықтың үмітсіздігі мен торығуына толы кеңістік құру үшін дұшпандық әрекеттерді жүзеге асыруда. Осы ретте ислам революциясының жетекшісі: "Қолда бар ақпараттарға сәйкес, АҚШ пен сионистік режимнің барлау органдары еліміздің айналасындағы «қарынбайлар» секілді ауқатты адамдардың қаржылай көмектері арқылы ақпарат құралдарының көмегімен  соғыс ашу үшін құрылымдар мен ұйымдар қалыптастырып, қоғамдық пікірдің кеңістігін ластау үшін жоспар құрып, талпыныс жасауда",- деп мәлімдеді.

Иранға қарсы АҚШ-тың жетекшілігімен жүргізіліп, Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты түрде шығуының жалғасындағы психологиялық және ақпараттық соғыс халыққа ислам жүйесін бұдан былай мүддеге сай келмейтіндей етіп көрсету үшін ислам жүйесін тығырыққа тіреуді көздеп отыр. АҚШ басшыларының сөздеріне көз жүгіртсек, АҚШ-тың Иран халқы мен ислам жүйесіне қарсы дұшпандығының шарықтау шегін анық байқауға болады. Трамп сәрсенбі күні Ақ үйде Кувейт әмірімен кездесуінде Иранның соңғы екі жылдың ішінде мүлдем өзгергенін, қазір оның тек аман қалуды көздеп отырғаны туралы уәж айтқан болатын.

Трамптың осындай қиялға толы сөздері америкалықтардың Иранмен дұшпандығының, арсыздығы мен жауластығының шарықтау шегі болып табылады. Ислам революциясының 40 жылдық тарихында АҚШ-тың түрлі үкіметтерінің Иранға қарсы қастандық жоспарлап, сәтсіздікке ұшырағанын көрсететін көптеген көріністер мен жағдайлар орын алған. Ирандағы режимді өзгертіп, ислам жүйесін биліктен құлату АҚШ-тың басты мақсаты саналады. Бұл мәселені бұл күндері Трамп үкіметінің мүшелері арсыз сөздерінде әшкере айтып жүр. Халық пен барлық органдардың табандылығы мен бірлігі әрдайым Иранның қастандықтардан аман-есен өтуіндегі жетістігінің факторы болған. Осыған байланысты ислам революциясының жетекшісі: "Егер дұшпанға қарсы тұрсақ, олар артқа шегінуге мәжбүр болады. Илаһи рақымның арқасында үстемшілдікті тізе бүктіріп, егер исламның жақтастары қорғаныс пен күрескерлік әрекеттерге әзір болса, міндетті түрде жеңіске жететін үлгіні барша әлемге көрсетеміз",- деп баса айтты.

 

 

Sep 07, 2018 16:32 Asia/Almaty
Сараптама