• Иранның Түркия және Ресеймен стратегиялық қарым-қатынасы: жетекші көзқарасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жұма күні кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен бірге келген делегацияны қабылдауында ислам әлемінің бүгінгі ең маңызды қажеттілігін мұсылман елдерінің барынша жақындасуы мен өзара әрекеттестігі деп атады.

Хазірет сөзінің жалғасында: "Үстемшілдік пен оның басында тұрған АҚШ мұсылман елдерінің ынтымақтастығы мен жақындасуына және исламдық қуаттың қалыптасуына алаңдап отыр",- деп мәлімдеді. Революция жетекшісі АҚШ-тың қуатты мұсылман елдерімен дұшпандығы мен өшпенділігінің себебін дәл осы алаңдаушылық деп атап: "ИИР мен Түркия – аймақтағы екі қуатты әрі беделді елдер. Олар ислам әлеміне қатысты ортақ мүдделерге ие. Сондықтан екі елдің саяси және экономикалық салалардағы әріптестіктерін бұрынғыдан бетер кеңейту қажет» деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі жұма күні кешке Ресей президенті Владимир Путин мен бірге келген делегацияны қабылдауында Иран мен  Ресейдің екіжақты әріптестіктерін әлемдік мәселелерге байланысты кеңейтуге болатынын қуаттады. Хазірет аятолла Хаменеи Ресей президентінің "Ортақ қадамға" қатысты көзқарасын жақсы ниет деп атап: "ИИР "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты өз елі мен халқының мүдделері мен ғиззатына сай позиция ұстанады. Америкалықтар қазір  Иранға қатысты зымырандық және аймақтық мәселелерді көтергенімен олардың ИИР-мен мәселесі бұдан әлдеқайда ауқымдырақ",- деді.

Революция жетекшісінің Түркия және Ресей президенттерін қабылдауы кезінде айтқан сөздері қазіргі таңдағы аймақ шындықтары, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін баяндап отыр. Алайда сезімтал әрі тағдырды шешуші сәттегі аймақтық жағдай секілді мұрсаттарды пайдалану өзара көпжақты әрекеттестікті қажет етеді.

Иран, Түркия мен Ресей басшыларының Сирияда ДАИШ және лаңкестікпен  күресудегі стратегиялық ынтымақтастық тәжірибесі мен үш мемлекет басшыларының жұма күні Теһранда өткізген үшжақты отырысы интеграция арқылы көптеген қиындықтарды шешіп, ортақ қысымдар мен қоқан-лоққыларға қарсы тұруға болатын осындай жақындасудың түбінде үлкен қуаттың жатқанын көрсетті. Осы саладағы маңызды мүмкіндіктердің бірі Иран мен Түркия және Ресей секілді көршілес елдердің аймақ елдерінің жалпы тұрақтылығы мен экономикасын нығайтуға бағытталған қабілеттері мен әлеуеттерін пайдалану болып табылады.

Революция жетекшісі дәл осы жайтты баса айтып Иран, Түркия және Ресейдің АҚШ тарапынан санкцияға ұшырауын ынтымақтастықтарды кеңейту үшін өте мықты ортақ ерекшелік деп атап: "ИИР мен Ресей саяси-экономикалық ынтықмақтастықтарын кеңейту арқылы Теһран отырысында бекітілген келісімдерді шынайы қадағалауы тиіс",- деді.

Иранның Әзірбайжандағы бұрынғы елшісі Мохсен Пакаин Иран, Түркия мен Ресейдің үшжақты ынтымақтастықтарының маңыздылығын баса айтып, аймақтық экономика және мәселелер жөнінде былай деді: "Ресей, Түркия мен Иранның ортақтастықтарын оң сипатта көрсететін осындай отырыстар аймақтық әріптестіктердің нығая түсетіндігіне көп үміттендіріп, АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне де әсер ете алады".

Бұл тұрғыдан революция жетекшісінің Түркия және Ресей президенттерімен кездесуінде айтқан сөздері үш елдің аймақтағы саяси, әскери және экономикалық мәселелерге қатысты интеграциясының стратегиялық маңыздылығын көрсетіп отыр.

 

 

Тегтер

Sep 08, 2018 16:30 Asia/Almaty
Сараптама