• Рухани Тәжікстан мен Солтүстік Кореяны Тәуелсіздік күндерінің жылдығымен құттықтады

ИИР Президенті Хасан Рухани құттықтау жолдауында Тәжікстан республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтап, ортақ талпыныстардың арқасында екіжақты байланыстың қос елдің мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту жолында дамитындығына үміт білдірді.

Кеңес одағының құрамында болған Тәжікстан 1991 жылы 9 қыркүйекте тәуелсіздік алды.

Сонымен қатар Хасан Рухани келесі жолдауында Солтүстік Корея басшысы мен халқын 9 қыркүйек – Ұлттық мереке әрі Корея Халық Демократиялық Республикасының тәуелсіздігіне 70 жыл толуымен құттықтап, екі ел басшылары ерік-жігерінің арқасында қолда бар әлеуеттерді пайдаланып, екі ел қарым-қатынасының барлық салаларда дамуына куә болатындықтарына үміт білдірді.

Солтүстік Корея 1948 жылдың 9 қыркүйегінде Кеңес одағы күштері Кореяның территориясына кіріп, бұл ел Оңтүстік және Солтүстік болып бөлінгеннен кейін өзін тәуелсіз ел деп жариялады.

 

Sep 09, 2018 15:19 Asia/Almaty
Сараптама