ИИР-ның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы: "Ислам республикасы мен Иран халқы АҚШ-қа қарсы табандылық білдіріп, егер халық зорлық-зомбылық жасаушылардың байбаламы мен қоқан-лоққысынан қорықпай, өз күш-қуатына сенімді болса, алпауыт елдерді шегіндіре алатынын дәлелдеді",- деп қуаттады.

ИИР-ның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи жексенбі күні Иран Армиясының офицерлерін дайындайтын жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзінде үстемшілердің аймақта қауіп-қатер мен тұрақсыздық тудыруды көздеген саясаттарына тоқталып: "Зұлым АҚШ басқарған үстемшілдер өз мүдделерін азамат соғыстарында, лаңкестік әрекеттерді арттыру мен қақтығыстарда деп санайды. Өкінішке орай, аймақтың кейбір мемлекеттері оларға көмектеседі",- деді.

ИИР-ның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы АҚШ пен сионистік режимнің мақсатын аймақтағы исламдық күштің бас көтеруінің алдын алу деп атап: "Олар Исламның қызықтыратын жолдауының әлсіздер мен мақұрымдарды қорғау екенін біліп, Ислам негіздеріне сүйенетін күштің құрылуынан қорқады",- деді.

Аятолла Хаменеи  Ислам республикасының үстемшілдерге қарсы табандылық білдіруін аймақтағы әлемдік үстемшілдердің мақсаттарының көбінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды деп тауып: "Әлемнің саяси сарапшылары мен қырағы азаматтары Иранның Аллаға және ұлттық күш-қуатқа сүйеніп, аймақтағы әлемдік құдыреттерді нәтижесіз қалдырғанына таңғалып, бұл шындықты мойындады. Ислам республикасы 40 жыл бойы АҚШ пен одақтастарының қастандықтарының нысанасына алынуда. Бірақ, Иран бүгінде жас көшеттен мықты да мәуелі ағашқа айналып, үстемшілдердің көптеген әрекеттеріне қарамастан, халықтарды Ислам революциясының жолдауларына тәнті етіп, аймақтағы АҚШ-тың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратты",-деді.

ИИР-ның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Сирия, Ирак және Ливанды АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарының сәтсіздікке ұшырауының көрінісі деп атап: "Бұл Жаратушының құдыреті мен "егер Алладан жәрдем тілесеңдер, Алла сендерге көмектеседі" деген илаһи уәденің шындығын көрсетеді",- деп баса айтты.

 

 

 

Тегтер

Sep 09, 2018 22:15 Asia/Almaty
Сараптама