•  Революция жетекшісінің бұйрығымен заманауи центрифугалардың дамыған орталығы ашылды

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Салехи: "Ислам революциясының бұйрығымен жетілдірілген және дамыған құралдармен жабдықталған заманауи центрифугалардың орталығы сәтті түрде іске қосылды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи 2018 жылы шілденің төрті күні Иран Атом қуаты ұйымының жауапты тұлғаларын "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберінде 190 000 EPP көрсеткішіне жеткізу үшін тиісті дайындық жұмыстарын жылдамдатып жүзеге асыруға міндеттеген болатын.

Al Alam арнасының жексенбі күнгі хабарлауынша, Али Акбар Салехи сондай-ақ, Теһран реакторының қайта құру жұмыстарына сілтеме жасап: "Теһран реакторы толығымен қайта құрылды. Иран Атом қуаты ұйымы бір еуропалық елмен осы реакторды күшейту жөніндегі келісімге қол қойды",- деді

 

 

Sep 10, 2018 16:40 Asia/Almaty
Сараптама