•  Жетекші Қарулы күштердің қоқан-лоққыларға қарсы тежегіш және қорғаныстық күшін арттыру қажеттігін қуаттады

Бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи кеше жексенбі күні өткен ИИР Армиясы офицерлерін дайындайтын әскери оқу орындары түлектерінің он алтыншы ант беру рәсімінде сөйлеген сөзінде үстемшілдіктің аймақта тынышсыздық пен тұрақсыздық тудыруды көздеген саясаттарына тоқталып:

"Үстемшілдік пен оған жетекшілік етіп отырған зұлым АҚШ өз мүдделерін азамат соғыстарын тудыру, лаңкестік әрекеттерді арттыру мен қақтығыстардың орын алуында деп санайды. Өкінішке орай, кейбір аймақ елдері оларға көмектесіп отыр",- деді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен сионистік режимнің мақсатын аймақта исламдық қуаттың бой көтеруінің алдын алу деп атап: "Олар Исламның тартымды жолдауының әлсіздер мен мақұрымдарды қорғау екенін жақсы біледі. Сондықтан Исламға негізделген бір күш-қуаттың қалыптасуынан қорқады",- деді.

Иран Теңіз күштері қазіргі таңда Мекран жағалаулары, Оман теңізі мен еркін сулар секілді маңызды аймақтарда қуатты құзыры арқылы Парсы шығанағы мен Оман теңізі жағалауларынан Үнді мұхитына дейінгі аумақта қауіпсіздікті сақтау мақсатында және қауіпсіздік орнатуды қажет етіп отырған халықаралық сулардың кез келген жерінде құзыр табады.

Бір ғасырға жуық тәжірибе АҚШ мақсаттарының бірінің дағдарыс тудырып, әскери ықпал ету мен араласушылықтар және аймақтағы қауіп-қатерлер деңгейін арттыру арқылы аймақ халықтарын қасақана ұйымдастырылған дағдарыстарға араластыру екенін көрсетті. Олардың мақсаты маңызды әрі стратегиялық аймақтарға үстемдік орнатып, аймақта қауіпсіздік тұрғысынан бөгделерге тәуелділік қалыптастыру, миллиардтаған доллар көлемінде қару-жарақ сатып, аймақтағы әскери базаларын сақтап қалу болып табылады.

Сол себепті қауіп-қатерлер деңгейі елдің қорғаныс қуатын нығайту үдерісін қарқынды түрде жүзеге асыруды қажет етеді.

Революция жетекшісі кеше айтқан сөздері арқылы шын мәнінде дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы Қарулы күштердің ілгерілеуші әрекетін тереңдету қажеттігін қуаттап отыр. Теориялық тұрғыдан бір тәуелсіз мемлекет кез келген жағдайда, тіпті оның айналасындағы аймақта қауіпсіздік орнағанның өзінде тежегіш қуатты қажет етеді.

Иранның қорғаныстық органдарының қажет жағдайда Иран мен аймаққа басқыншылық жасаушылар мен қауіпсіздікті бұзушыларға қауіп-қатерлерге қарсы тежегіш қуатты пайдаланатынын көрсеткен болатын. Революция жетекшісі айтып өткендей, Ислам республикасы мен Иран халқы АҚШ-қа табандылық таныту арқылы егер халық күш көрсетушілердің қас-қабағы мен қоқан-лоққыларынан қорықпай, өз қабілеттеріне сеніп, иек артатын болса, алпауыт державалардың артқа шегініп, сәтсіздікке ұшырайтынын дәлелдеді.

Ислам революциясының жетекшісі Сирия, Ирак пен Ливанды АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанының айқын мысалдары деп атады.

Иранның Бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы сөзінің келесі бөлімінде Қарулы күштеріне күн артқан сайын ғылыми, ұйымдастырушылық, жауынгерлік салалар бойынша жаңа бастамалар, дайындықтар жасап, қабілеттерін арттырып,  әртүрлі жетістіктерге ұмтылуға кеңес беріп: "Құран аятына сәйкес, айбындарың дұшпанды сескендіріп, артқа шегінуге итермелейтіндей, қолдарыңнан келгенше күш-қуатты арттырыңдар",- деп баса айтты.

 

 

 

 

 

Sep 10, 2018 19:20 Asia/Almaty
Сараптама