• Ираннан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспорты 50 пайыздан асты

Иранның Оңтүстік-шығыс темір жол компаниясының бас директоры Иранның Захедан қаласынан Пәкістанға темір жол арқылы тауар экспортының соңғы 5 айда 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 52 пайызға өскенін хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Маджид Арджуни: "Өткен 5 айдың ішінде 18 285 тонна жүк Иранның Захедан темір жолы арқылы Пәкістанға экспортталды. Бұл көрсеткіш 12019 тонна жүк экспортталған 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 52 пайызға артқанын көрсетеді.

Цемент, күкірт, битум мен қызыл балшық – Иранның Захедан темір жолы арқылы Пәкістанға экспортталатын басты тауарлар",-деді.

Иранның Оңтүстік-шығыс темір жол компаниясы Пәкістанмен темір жол арқылы байланысып, "Шығыс-Батыс" халықаралық дәлізінде орналасып, Пәкістан мен Үнді түбегін Түркия, Еуропа мен Орта Азияға қосатындықтан халықаралық тұрғыдан маңызды.  

 

Sep 10, 2018 22:19 Asia/Almaty
Сараптама