• Қасеми: Иран өзінің қауіпсіздігі туралы келіссөз жүргізбейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні Ирактың солтүстігіндегі лаңкестердің позицияларына жасалған зымырандық шабуыл туралы сұрақтарға: "Мұндай жауап қайтару Иранның таңдауы болмаған, бірақ лаңкестердің әрекеттері, әсіресе ирандық шекарашылар мен әскерилерді өлтіруі ИИР қарулы күштерін қарымта жауап қайтаруға мәжбүрледі",- деп жауап берді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, лаңкестік топтардың өткен айлардағы Ирактың Күрдістан аймағынан Иранның шекараларына қарсы әрекеттерінен кейін Ислам революциясының Сақшылар корпусы: "Сенбі күнгі нәтижелі әрекеттің арқасында қылмыскер топтардың бірінің басшыларының отырысы мен лаңкестердің жаттығу орталығы "құрлық-құрлық" типті қысқа қашықтық 7 зымыранмен нысанаға алынды",- деп мәлімдеді. 

 

 

Sep 11, 2018 17:13 Asia/Almaty
Сараптама