• 2017-ші жылы Иранның іргелі ғылымға негізделген кәсіпорындары 400 миллион долларға өнім экспорттады

ИИР Президентінің ғылым мен технология саласындағы орынбасары елде 3800-ден астам іргелі ғылымға негізделген кәсіпорындардың жұмыс жасап жатқанына тоқталып, олардың 2017-ші жылы 400 миллион долларға өнім экспорттағанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Сорна Саттари дүйсенбі күні елдің солтүстігіндегі Горган облысының іргелі ғылымға негізделген кәсіпорын белсенділері және көрнекті тұлғаларымен  кездесуінде Иран үкіметінің бұл кәсіпорындарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын қуаттады. Саттари осыдан біраз уақыт бұрын Иранның іргелі ғылымға  негізделген кәсіпорындары өнімдерінің әлемнің 60-тан астам еліне экспортталатынын айтқан болатын.

 

 

Sep 11, 2018 17:48 Asia/Almaty
Сараптама