• Теһран мен Мәскеу  келісімі: АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері және санкцияларымен қарсыласу

Мәскеу Иранмен сауда мен экономикалық саладағы қарым-қатынасын арттырғысы келеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күнгі мәлімедемеде Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков пен  Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчидің келіссөздері бойынша АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттері мен санкцияларымен қарсыласу үшін Ресей мен Иран екіжақты сауда үдерісін жалғастыруға келіскенін жариялады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің жариялауы бойынша, кездесуде Иранның келісімдегі міндеттемелеріне табандылығына назар аударып, ресейлік тарап Мәскеудің Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісіміндегі міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады.

Иран мен Ресейдің ынтымақтастықтары энергетика саласындағы атом стансасының құрылысы, туризм, транспорт пен коммуникация және кеме қатынасын қамтиды. Бұл ынтымақтастықтар екі елдің экономикалық қарым-қатынастарына маңызды әсер етеді. Осы салада Иран мен Ресей арасындағы сауда одағын құру сияқты идеялар баяндалып, Ресейдің сауда және өнеркәсіп палатасы мен Иран-Ресей сауда кеңесі тарапынан қолға алынуда.

Теһрандағы екі жақты жуырдағы келісім де Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтар мен саяси және экономикалық салалардағы байланыстардың бір түрін көрсетеді. Иран мен Ресей келісімнің маңызды тұрғысы АҚШ-тың екі елдің экономикалық-сауда қарым-қатынастарына қарсы санкцияларымен қарсыласу саласына қатысты.

Экономикалық мәселелердің сарапшылары Иран мен Ресей қарым-қатынастарындағы мүмкіндіктермен жақын арада екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты әрі тереңдей түсетіндігіне куә боламыз деп санайды. Қазіргі кезде осы мүмкіндіктерді пайдаланатын уақыт келді.

Халықаралық мәселелердің маманы Мортаза Хонсаридің пікірі бойынша, Иран мен Ресей мұнай мен газ сынды энергетикалық ресурстар қорына ие бола тұра әлемдегі энергетикалық қауіпсіздік пен осы саладағы басқаруды өз қолдарына алып, әлемді елдердің көбі қолдайтын екіполюстік жүйге қарай жетелей алады.

Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Ресей Президенті Владимир Путин және оның делегациясымен кездесуінде АҚШ-тың Иран, Ресей және Түркияға қарсы санкцияларын ынтымақтастықтарды арттыруға себеп болатын маңызды фактор деп атап: "ИИР мен Ресей саяси-экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуімен бірге Теһран отырысындағы келісімдердің іске асырылуына шынайы назар аударуы керек",- деді.  Аятолла Хаменеи экономикалық мәмілелердің доллармен жасалмауы керектігін қуаттады.

Владимир Путин де бұл кездесуде сөйлеген сөзінде: "Америкалықтар қаржы қарым-қатынастарына шектеу қойып, қате стратегияны қолдануда. Өйткені, қысқа мерзімдегі саяси  нәтиже доллардың әлемдік кеңістіктегі  әлсіреуіне себеп болады. Бұл факторлар экономикалық саладағы Иран мен Ресей қарым-қатынастарының саяси ынтымақтастықтар деңгейіне дейін дамығанын көрсетеді. Бұл үдеріс екі елдің қарым-қатынастарының нығаюы үшін жақсы жағдай тудырады",- деді.  

 

 

                             

 

Тегтер

Sep 11, 2018 19:46 Asia/Almaty
Сараптама