• Зариф: Ақ үй лаңкестікті қолдаушыларға қызмет етуде

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Твиттердегі парақшасында: "11-ші қыркүйек оқиғасын айыптаған бірінші исламдық ел болып, лаңкестік оқиғаның құрбандарымен аза тұтып, әл-Қаида мен оның ДАИШ пен ән-Носрат сияқты бөлімдеріне қарсы әрекет жасаған Иранға сол апаттан 17 жылдан кейін 11 миллиард доллар айыппұл салынып, ел азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынып отыр.

Азаматтары 11-ші  қыркүйек оқиғасын іске асырған лаңкестікті қолдаушы үкіметке Ақ үй ешбір шара қолданбады",- деді.

АҚШ Конгресінің зерттеу тобы құжаттарының бір бөлімінде: "11-ші қыркүйек шабуылын іске асыру үшін ұшақтарды ұрлаған 19 адамның он бесі  Сауд Арабиясының, екеуі Біріккен Араб Әмірлігінің  азаматтары болды. Оларға екі елдің басшыларына қарасты адамдар арқылы қаржылай қолдау көрсетілді» деп жазды.

 

 

Sep 12, 2018 16:37 Asia/Almaty
Сараптама