• Мохаррам – шындыққа табандылық білдіріп, қиындықтардан өтуге шабыттандыратын ай

ИИР Президенті Рухани мохаррамды шындыққа табандылық білдіру мен қиындықтардан өтуге шабыттандыратын ай деп атады.

Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің 1963-ші жылдың мохаррам айында жасаған мәлімдемесі мен діни белсенділерді шындықты айтуға шақыруын еске салып: "Имам Хомейнидің жолдауы 1978-ші жылға дейін жалғасып, исламдық қозғалыстың жеңісіне жеткізген сөздері мен аза жиындарына жаңа дем берді. Барлық азаттық талап етушілер мен мұсылмандар Кербала оқиғасынан әсерленіп,  әлемдіктер Кербала шәһидтерінің алдында тағзым етеді",- деді.

Имам Хусейн (ғ.с.) хиджри қамаридің 61-ші жылының мохаррам айының 10 күні Кербалада шәһид болды.

 

 

Sep 12, 2018 16:41 Asia/Almaty
Сараптама