• Рухани: АҚШ-тың әлемдегі жағдайы өте нашар

ИИР Президенті аймақтағы жағдайы беймәлім бірнеше ел мен режимнен басқа ешкімнің АҚШ-тың жанында тұрмағанын айтып: "АҚШ-тың әлемдегі жағдайы өте нашар",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күнгі Үкімет жиналысында: "Қазір АҚШ-тың жанында одақтастары тұрған жоқ. Тіпті, АҚШ-тың байырғы одақтастары да бұл елден алшақтап, одан іргесін алыс салғандарын мақтан тұтады. Халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ЮНЕСКО, АҚХА, Халықаралық қылмыстық сот АҚШ-тың саясаттарымен келіспей отыр",-деді.

Рухани бүгінде Иранның басқыншыларға қарсы анық соғыс жағдайында тұрғанын айтып: "Иран халқы бұл шайқаста міндетті түрде жеңіске жетеді",-деп қуаттады.  

Тегтер

Sep 13, 2018 16:11 Asia/Almaty
Сараптама