• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ирактың Күрдістан аймағындағы бір лаңкестік топ басшыларының отырысы өтіп жатқан мекенге жасаған зымырандық шабуылына тоқталып: "Бұл әрекет бүкіл әлемге Иранның барлау тұрғысынан көтерілгенін көрсетті әрі аймақ пен аймақтан тыс дұшпандарға жасалған шынайы ескерту саналады",- деді.

Ходжат ул-ислам уәл-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында соғыс пен санкциядан қорқудың Ашура мәдениетіне қайшы келетінін баяндап: "Иран халқының Ашура жолында келе жатқанына және алпауыт мемлекеттерге қарсы табандылық танытып, оларды сәтсіздікке ұшыратқанына 40 жыл болды",- деп баса айтты.

Ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Седдиқи Әзірбайжан Республикасында мұхаррам айында аза тұтушы топтардың көшелерде ұйымдастыратын рәсімдері мен әрекеттеріне тыйым салуына өкініш білдіріп, бұл елдің үкіметіне: "Хосейнді аза тұтушыларға кедергі жасамаңыздар, себебі, Әзірбайжан халқы – имам Хосейнге (ғ.с) ғашық халық",- деген кеңес берді.

 

 

 

Тегтер

Sep 15, 2018 14:51 Asia/Almaty
Сараптама