• Иранның екі қаласы әлемнің жасампаз қалаларының қатарына енді

ЮНЕСКО ұйымының Ирандағы Мәдениет пен өнер жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы қазіргі таңда түрлі мемлекеттердегі 180 қаланың әлемнің жасампаз қалаларының қатарына қосылғанын, Иранның Исфаһан мен Рашт қалаларының әлемнің жасампаз қалаларының қатарына енгенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахман Намавар Мотлақ жексенбі күні Язд қаласында Иранның Исфаһан және Рашт қалаларының қолөнер және тамақ өнеркәсіптері бойынша әлемнің жасампаз қалаларының қатарына енгенін айтып: "Қолөнер бұйымдарын жасау, халықтық өнер, медиа-өнер, кинематография, дизайн, тамақ өнеркәсібі, әдебиет пен музыка БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөнініндегі ұйымының (ЮНЕСКО) әлемнің жасампаз қалаларын таңдаудағы негізгі көрсеткіштері саналады» деді.

 

 

Sep 17, 2018 14:48 Asia/Almaty
Сараптама