• Жетекшінің қатысуымен хазірет Аба Абдолла Хосейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті

Теһрандағы имам Хомейни атындағы хосейниеде ислам революциясының жетекшісі, елдің жауапты тұлғалары мен мыңдаған адамның қатысуымен хазірет Аба Абдолла Хосейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, рәсім Маджид Бани Фатеменің жоқтау әндерімен басталып, кейін ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи мен Мансур Арзи шәһидтердің көшбасшысы мен оның мазлұм ұрпақтары жайлы сөз сөйлеп, оларға мадақ айтты.

Әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейн (ғ.с.) х.қ.ж.с.б 61 жылы мохаррам айының оныншы жұлдызында Кербалада шәһид болған.

2018 жылдың қыркүйек айының он бірі, сейсенбі х.қ.ж.с.б.1440 жылдың басталуы мен мохаррам айының алғашқы күніне сәйкес келеді.

 

 

Sep 17, 2018 18:11 Asia/Almaty
Сараптама