• Жетекшінің қатысуымен хазірет Аба Абдолла Хосейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің екінші түні өтті

Мохаррам айының сегізінші кешінде Теһрандағы имам Хомейни атындағы хосейниеде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Аба Абдолла Хосейнді (ғ.с.) аза тұту рәсімінің екінші түні өтті.

Діни жетекшінің баспасөз орталығының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, рәсімге халықтың әртүрлі таптарының мыңдаған өкілі мен жауапты тұлғалары қатысып, ходжат ул-ислам ал-муслимин Рафии Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтасы болудың әсерлеріне тоқталып: «"Аһле бейтке» – пайғамбар ұрпағына деген махаббат Алла жолында болып, сөз бен ғамал қатар жүруі керек",- деді.

Ол бәрінен бұрын пайғамбар ұрпағының бұйрықтарын басты санауды шынайы махаббаттың келесі шарты деп атап: "Егер өмірде мұндай махаббат орнатылса, «аһле бейт» – пайғамбар ұрпағына деген махаббат жоғары деңгейіне жетеді",- деп қосты.

 

 

 

Тегтер

Sep 18, 2018 15:37 Asia/Almaty
Сараптама