• Иран имам Хосейннің (ғ.с) Ашурадағы шәһидтігінің жылдығын аза тұтуда

Бүгін х.қ.ж.с.б 1440 жыл, мұхаррам айының оны, бейсенбі (2018 жылдың қыркүйек айының жиырмасы) – Ашураның жылдығы.

Х.қ.ж.с.б мұхаррам айының оныншы жұлдызы – әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейннің (ғ.с) шәһид болған күнінің жылдығы. Хазірет х.қ.ж.с.б 61 жылы оныншы мұхаррамда Кербалада 57 жасында шәһид болған.

Хазірет имам Хосейн (ғ.с) Кербала оқиғасы болған күні: "Менің бұл әрекетті жасаудағы мақсатым – Язидтің Исламға қарсы билігін әшкерелеп, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю салтын орнатып, езгі мен қанаушылыққа қарсы табандылық таныту. Мен Құран Кәрім мен таза мұхаммадтық ислам дінін сақтап қалудан басқа ешнәрсені көздемеймін",- деп ашық мәлімдеген болатын.

Исламдық Иранның тақуа әрі мүмін халқы мохаррам айында, әсіресе Тасуа және Ашура күндері хосейниелер мен мешіттерде жиналып, азат тұту рәсімдерін өткізеді.

 

 

Тегтер

Sep 20, 2018 18:00 Asia/Almaty
Сараптама