ИИР президенті Иран халқының дұшпандардың үмітін тағы үзетінін баса айтып: "Бүгінде соғыс таңу әдісі қолданыстан шыққан. Енді АҚШ-тың өзі тікелей Иран халқына қарсы тұрып, келісімдерді бұзуға кірісті",- деді.

Хасан Рухани бүгін, сенбі күні Иран Қарулы күштерінің Теһрандағы салтанатты шеруінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу арқылы міндеттемені бұзуына сілтеме жасап: "Дональд Трамп сырт көзге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанымен, түбінде оның көздеген басты мақсаты – Иран Ислам Республикасының жүйесі мен революциясына соққы беру",- деді.

Рухани сондай-ақ, Иран халқының Ирак, Сирия мен Ливан халықтарының жүрегінде орын алғанын айтып: "Иран халқы өзінің қорғаныс қабілеттерінен, соның ішінде зымырандық қуатынан кері шегінбеуімен қатар, өзінің осы саладағы қуатын күн сайын арттыра береді",- деді.

Ол кісі Иранның аймақтағы ықпалына тоқталып: "Иран ерте замандардан бері үнемі Парсы шығанағы, Үнді мұхиты мен Баб эл-Мандеб бұғазын қорғап келеді. Таяу Шығыстағы ірі ықпалды мемлекет ретінде басқа мемлекеттердің мазлұмдығына үнсіздік танытпайды",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер

Sep 22, 2018 16:40 Asia/Almaty
Сараптама