• Иранда «Қасиетті қорғаныс» апталығы басталды

Х.қ.ж.с.б. шахривар айының отыз бірі, қыркүйектің жиырма екісі, Ирактың Иранға қарсы таңған соғыстың басталған күн ИИР күнтүзбесінде Қасиетті қорғаныс апталығының басталуы деп белгіленген.

Қасиетті қорғаныстың сегіз жылға созылған кезеңі – Ашура мәдениетімен әлемдік үстемшілдік пен одақтастарына қарсы тұрып, құр қол болғандарына қарамастан  жетекшісіне бағынған халықтың арқасында азаттық пен ұлылықтың табандылыққа негізделгенін бүкіл әлемге паш еткен оқиға.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи қолбасшылар, жауынгерлер, өнер иелері мен Қасиетті қорғанысты еске алу кештерін ұйымдастырушылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде Қасиетті қорғаныс кезеңдерінің көптеген адами және материалдық шығындармен қоса, бүгінгі күн мен келешек үшін маңызды жолдаулар қалдырғанын баса айтып: "Қоғамдағы революциялық рухты сақтап, оны нығайту және революцияның тұрақты сақталуы – осы кезеңдерден қалған жетістіктер. Егер джиһадтық әрі жанкештілік қозғалыс болмағанда, революциялық рух міндетті түрде қатерге ұшырайтын еді",- деді.

Саддам басқарған қылмыскер режим соғыс кезінде бірнеше рет соғыс жағдайындағы халықаралық заңдар мен ережелерді бұзды. Үсті-үстіне жасалған химиялық шабуылдар, қалалар арасында соғыстардың басталуы мен бейбіт тұрғындарға қарсы ұдайы жасалған шабуылдар АҚШ-тың көмегі және кейбір аймақ елдерінің мұнайдан түскен долларларының арқасында жалғасқан Ирактың БААС режимінің Иранға қарсы соғысындағы ахлақсыз әрекеттердің қатарын құрайды. ИИР АҚШ-ты таңылған соғыс кезінде және қазір де аймақтағы тұрақсыздықтардың артуына жауапты санайды.

Алайда АҚШ басшылары аймақтағы зұлымдық әрекеттері мен дағдарыс тудыруын доғармай, ИИР-на қарсы соққы беріп, оған қарсы қастандық жасау мақсатында әлі жоспар құрып жатыр.

Қасиетті қорғаныс кезеңіндегі тәжірибе қоқан-лоққылармен күресіп, басқыншылық әрекеттерге тойтарыс беру үшін барлық тұрғыдан сақадай сай болу қажеттігін көрсетті.

Байланыс және журналистика пәнінің оқытушысы Исмаил Ғадими бұл мәселеге қатысты былай деді: "Иран сегіз жылдық соғыс кезінде Иракқа қарағанда рухани, адами күштер, мәдени-әлеуметтік байлықтар, ең бастысы сенім және халықтық күштерді жұмылдыру факторлары тұрғысынан толық дайын болды. Бұл соғыс технологиялық тұрғыдан үстем болудың даму мен ілгерілеудегі даусыз қажеттілік екенін және қазіргі заманауи әлемде адами күштер мен технология тұрғысындағы басымдықтың қатар жүруі қажеттігін тағы дәлелдеді".

Ислам республикасының жүйесі Қасиетті қорғаныс кезеңіндегідей басқыншы дұшпанға қарсы тұрып, АҚШ-тың көмегімен аймақты әсірешіл лаңкестердің қақтығысына ұшыратқан лаңкестік және оның факторларымен күресте табандылық танытып, күш-құдіретін сақтап, өзі мен аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін билікқұмар державалардың рұқсатын қажет етпейді.

 

 

Sep 22, 2018 17:06 Asia/Almaty
Сараптама