ИИР Президенті елдің оңтүстік-батысында орналасқан Ахвазда болған лаңкестік шабуылға өкініш білдіріп: "АҚШ Иранда тынышсыздық тудыруды мақсат еткенімен сәттілікке қол жеткізбейді",-деді.

Хасан Рухани жексенбі күні таңертең БҰҰ Бас ассамблеясының жиналысына қатысу үшін Теһраннан Нью-Йоркке аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатында ИИР үшін Ахвазда лаңкестік шабуыл жасағандардың анық екенін айтып: "Иран бұл қылмысты жылы жауып қоймайды, лаңкестерге кесімді жауап береді",-деді.

Рухани Нью-Йорк сапарына тоқталып,  БҰҰ Бас ассамблеясының жиналысына қатысуды Иран үшін өзінің аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастарын білдіруге берілген мұрсат деп атады.

Иран Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы әділетсіз санкция салғанына тоқталып: "АҚШ Иран халқын өзінің тәуелсіз болу туралы қабылдаған шешіміне өкіндірткісі келеді, алайда қолынан келмейді. АҚШ өзінің сұрқия мақсатына жетуде сәтсіздікке ұшырайды",-деді. 

 

Тегтер

Sep 23, 2018 15:34 Asia/Almaty
Сараптама