Ахваз қаласында елдің әскери және мемлекеттік қайраткерлерінің қатысуымен Ахваздағы лаңкестік шабуыл салдарынан қаза тапқан шәһидтерді жерлеу рәсімі өтті.

Иранның Жүйе мүдесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи шәһидтерді жерлеу рәсімінде Ахвазда орын алған лаңкестік шабуылды әлемдік үстемшілдіктің Иран халқы қарсыласуының алдында жеңіліске ұшырағанының нәтижесі деп атап: "ИИР-ның дұшпандары ислам революциясының қауіпсіздігі мен қуатына нұқсан келтіре алмайды.

Егер дұшпан қауіпсіздікке соққы беруді көздеп, осындай лаңкестік әрекетке баратын болса, Иранның қатаң жауабына ұшырайды",- деп баса айтты.

 

Sep 24, 2018 15:25 Asia/Almaty
Сараптама