Ислам революциясының жетекшісі қорғансыз халыққа шабуыл жасауды қорқақтардың ісі деп атап: "Ахваздағы ащы оқиғаның қылмыскерлеріне қатаң жауап қайтаратынымызға сенімдімін",-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарында жүлде алған спортшылардың бір тобымен кездесуінде сенбі күні Ахвазда орын алған лаңкестік оқиғаға тоқталып: "Мәліметтер бойынша, бұл – Сирия мен Иракта қиындыққа ұшырағанда америкалықтар құтқарып алатын, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің қаржылай көмегіне сүйенген адамдардың зұлымдығы.

Бұл ащы оқиға Иран халқының мерейге толы даму жолында көптеген дұшпандарының бар екендігін тағы көрсетті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, сионистік режим өкілдерімен сайысқа түсуге қарсылығының себебін түсіндіріп: "ИИР революцияның басынан-ақ сионистік режим мен Оңтүстік Африканың нәсілшіл режимін ресми танымады. Оңтүстік Африканың апартеидтік режимі құлады. Басқыншы әрі нәсілшіл жалған сионистік режим де құлатылады. ИИР спорт жарыстарында жауыз режимнің өкілдерімен сайысқа түспейді. Өткен жылы Әлиреза Карими көрсеткен үлгінің шынайы қаһармандық екендігіне сенімдіміз",-деп қуаттады.

Sep 25, 2018 00:27 Asia/Almaty
Сараптама