• Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: «Дұшпанның кең ауқымды қастықтары мен экономикалық соғысының мақсаты әрқашан исламдық Иранның сахнасына жаппай қатысатын халықтың арасында үмітсіздік тудыру»,- деді.

Аятолла Мұхаммадали Мовахеди Кермани жұма намазының құтпаларында Ислам революциясының өткен 40 жылда АҚШ пен халықаралық сионизм басқарған үстемшіл жүйені теңселткеніне тоқталып, олардың осы күнге дейін қарсыласу қозғалысынан жеңіліске ұшырап келе  жатқанын қуаттап: «АҚШ пен Израиль қате әрекет жасаса, олар аймақтағы базаларынан айрылып, олардың күндері түнге айналады»,- деп баса айтты.

Кермани Мовахеди БҰҰ Бас ассамблеясының жуырдағы отырысына тоқталып: «Зұлымдықтың салдары – құлдырау мен жойылу. АҚШ Президенті Дональд Трамп күндердің бірінде БҰҰ Бас ассамблеясында әлемнің басқа елдері өкілдеріне күлкі болатыны туралы ойламады»,- деді.

 

 

Тегтер

Sep 29, 2018 23:18 Asia/Almaty
Сараптама