• Ирандық мамандар жасаған әуеден өрт сөндіру кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті

Иран Қорғаныс министрлігінің авиация өнеркәсібі ұйымы мамандарының ауқымды өрттермен күресуге бағытталған жаңа жетістігінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хатами сенбі күні Исфаһанда авиация өнеркәсібі ұйымы мамандарының ауқымды өрттермен күресуге бағытталған жаңа жетістігінің тұсаукесер рәсімінде: "Иран бірінші рет дамыған заманауи кешен жобалап жасады. Соған сәйкес бір өрт сөндіретін ұшақ арқылы тиімді үлгі негізінде 18 тонна су 5 секундтың ішінде өрт жайлаған ауданға шашылады",-деді.

Иранның Қорғаныс министрі авиация өнеркәсібі ұйымы мамандарының жаңа жетістігінің қабілеттеріне тоқталып: "Қазіргі таңда әуеден өрт сөндіру кешенін жобалап, жасау технологиясы шектеулі елдердің монополиясында. Иранның қорғаныс өнеркәсібінің мамандары осы кешенді жобалады",-деді.

 

Sep 30, 2018 00:37 Asia/Almaty
Сараптама