ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Теһранның мүддесін қамтамасыз етуге қатысты Иран мен Еуропаның ұстанымдарының бір-біріне жақындай түскенін хабарлады.

ИИР СІМ‑нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткізген баспасөз конференциясында Иран мен Еуропаның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы аясында әріптестікті жалғастыру туралы келісіміне қатысты: «Көптеген барыс‑келістер мен талқылаулар, соның ішінде Иран мен «бестік» тобы Сыртқы істер министрлерінің Нью‑Йорктағы отырысынан кейін өзара әріптестік жаңа жағдайда жалғасатын болып келісілді» деді.

Ғасеми, сондай‑ақ, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Еуропамен жаңа мұнай келісімі туралы сөздеріне тоқталып: «Мұнайды азық‑түлікке айырбастау немесе осыған ұқсас басқа ұсыныстардың бұрыстығы  айқын.  Иран Еуроодақ, Қытай және Ресеймен «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы бойынша әріптестік жасауға мүдделі»,‑деді.

ИИР СІМ‑нің ақпарат хатшысы Зарифтің Twitter‑дегі «Егер Еуроодақтың механизмі тиімді болмаса, Иран «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығады» деген жазбасы туралы: «Егер кез келген себепке байланысты Еуроодақ пен басқа серіктестер Иран үшін қажет кепілдік бере алмаса, бұл мәселе ИИР‑ның шешіміне әсер ете алады. Иран өз мүддесіне сай жолды ұстанады»,‑деді.

Ғасеми ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы тілшісінің Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінен кейін өткізген баспасөз конференциясында өз елінің Иран мен сионистік режим арасында арағайын болуға әзірлігі туралы сөзіне қатысты сауалына жауап беріп: «ИИР‑ның жалған Израиль режиміне қатысты ұстанымының қандай екенін бәрі біледі. Иран сионистік режимді ресми түрде танымайды. Сондықтан бұл мәселеге қатысты арағайындықты қабылдамайды»,‑деді.

 

Тегтер

Oct 01, 2018 23:51 Asia/Almaty
Сараптама