• Иран экономикалық соғыста америкалықтардың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратады

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "Шәксіз, Иран экономикалық соғыста америкалықтардың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратады",- деді

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Шамхани сейсенбі күні: "АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің саяси мақсаттарына жету үшін  «экономикалық соғыс» деген атпен Иранға шығын келтіруді мақсат етіп, пихологиялық соғыс жүргізіп, санкция салып жатыр",- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы экономикалық соғыста америкалықтардың науқас адамдарды, әуе жолаушыларын, энергетика саласы мен бүкіл халықты нысанаға алғанына тоқталып: "Олар Иранның экономикасын, қауіпсіздігі мен аймақтағы орнына соққы бермек. Бірақ, Иран қоқан-лоққыларға жауап қайтарады",- деп баса айтты.

Шамхани бағындыру, Иранның қатынасы мен жүйесін өзгертуді АҚШ Президентінің Иранға қарсы әрекеттерінің стратегиялық үш мақсаты деп атап: "Трамп өткен 17 айдағы шектен шыққан сөздерінде үнемі Иранды нысанаға алды",- деп қуаттады.

 

 

 

 

Тегтер

Oct 03, 2018 16:11 Asia/Almaty
Сараптама