Ислам революциясының жетекшісі: "Иранның жастары мен ұлы халқы дұшпанның қолындағы соңғы қаруы, яғни санкцияны пайдалану тәсілін сәтсіздікке ұшыратып, АҚШ-қа тағы шапалақ жегізеді",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Теһранның 100 000 орындық "Азади" спорт кешенінде "Басидж" ұйымы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде америкалықтардың бос қиялмен өз қуаты мен Ирандағы жағдай туралы толығымен теріс бейне тудыруды көздеп отырғанын баяндап: "Еліміздің ұлттық экономикасы санкцияны сәтсіздікке ұшырата алады. Илаһи құдіреттің арқасында санкцияларды жеңеміз. Санкцияны сәтсіздікке ұшырату АҚШ-ты сәтсіздікке ұшырату деген мағынаны білдіреді. АҚШ бұл жеңілісімен Иран халқынан тағы бір шапалақ жеуі тиіс",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың либералды демократиясының масқара болып, бүкіл әлемде оған қатысты сынның таралғанына тоқталып: "Сол себепті АҚШ атомдық қуаты, дамыған технологиясы және қыруар қаржысына қарамастан Ирак, Сирия, Ливан, Пәкістан, Ауғанстан секілді көптеген аймақтарда жеңіліске ұшырады. Алда да АҚШ-ты басқа да жеңілістер мен сәтсіздіктер күтіп тұр",-деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи Иранды Ұлыбритания мен АҚШ-тың озбыр  билігінен құтқаруды Ислам республикасының қуатын бекіту үшін жеткілікті екенін айтып: "Иран халқының жеңілмейтіндігі ғазиз Ислам дінінің берекесінің арқасында. Бұл жеңілімейтін қасиетті Иран халқының Ислам революциясы мен Қасиетті қорғаныс кезіндегі жеңісі мен соңғы 40 жылдың ішіндегі барлық қастандықтарға қарсы табандылығынан байқауға болады",- деді.

 

Oct 04, 2018 18:04 Asia/Almaty
Сараптама