Теһран жұма намазының құтпагері Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ахваздағы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушыларға қарсы зымыран және ұшқышсыз ұшақ арқылы жасаған амалдарын ислам жүйесінің қуатын көрсеткен абыройлы іс деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері ходжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ахваздағы лаңкестік шабуылды ұйымдастырушыларға берген жауабы үшін алғыс білдіріп, Сақшылар корпусының зымыран және ұшқышсыз ұшақ арқылы жасаған әскери амалдарын дұшпандарға Иранның қуатын көрсеткен жолдау деп атады.

Теһран жұма намазының құтпагері сөзінің жалғасында бейсенбі күні исламдық Иранның жер-жерінде "Басидж" ұйымы мүшелерінің салтанатты да үлкен жиындары өткеніне тоқталып: "Бұл жиын ерлікке толы және дұшпанды құлатушы әрекет болды",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ, Ислам революциясы жеңісінен кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы қастандық әрекеттері мен экономикалық қысымдарын арттыруын еске салып: "АҚШ бұл жолы да Иран халқынан шапалақ жеп, барлық қастандық әрекеттерінде сәтсіздікке ұшырайды",- деп баса айтты.

 

 

Oct 06, 2018 14:12 Asia/Almaty
Сараптама