• Иран лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етумен күрес туралы конвенцияға қосылады

Иран Мәжілісінің өкілдері елдің лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етумен күрес туралы конвенцияға (СҒТ) қосылуын мақұлдады.

Иран Мәжілісінің өкілдері жексенбі күні ИИР үкіметінің лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етумен күресу конвенциясына қосылу туралы заң жобасын ратификациялады.

Иранның  лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етумен күресу конвенциясына (СҒТ) қосылу туралы заң жобасы (ҒАТҒ) арнайы іс-қимыл тобына жататын төрт заң жобасының бірі болып табылады.

Арнайы қаржы іс-қимыл тобы ҒАТҒ 1989-ші жылы жеті өнеркәсіптік топтың бастамасымен және қаржылық айқындылық пен ақшаны жылыстатумен күрес мақсатында құрылған.

2000 жылдың желтоқсан айының 21 күні  Италияның Палермо қаласында бекітілген конвенцияның мақсаты ұйымдастырылған трансұлттық қылмыстардың алдын алу және солармен күресу үшін ынтымақтастықты арттыру болып табылады.

 

Тегтер

Oct 07, 2018 20:52 Asia/Almaty
Сараптама