Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы әрі Өзбекстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Владимир Норов Теһранда Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Владимир Норов дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесіп, екіжақты және аймақтық мәселелер жөнінде пікір алмасты. ДАИШ және басқа да лаңкестік топтармен күресу, сондай-ақ, Иран мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастығын кеңейту Норовтың Зарифпен кездесуіндегі өзекті тақырыптардың бірі болды. Сонымен қатар тараптар Иран мен Өзбекстанның саясат, экономика, мәдениет, зерттеулер, транзит және туризм салаларындағы қарым-қатынасын жоғарылату қажеттігін қуаттады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістан осы ұйымның тұрақты мүшелері болып табылады. ИИР – Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушы мәртебесіндегі мүшесі.

 

 

Oct 08, 2018 20:20 Asia/Almaty
Сараптама