• ИИР президенті Американың Иранға қатысты жауластық мақсаттарын сараптады

ИИР-ның президенті Хасан Рухани Иран университеттерінде жаңа оқу жылының басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде Ақ Үй басшыларының Ислам республикасына қарсы мақсаттарын түсіндіріп: «Америкалықтар "ислам жүйесін жою" деген түпкілікті мақсатын алдымен психикалық соғыспен бастап, Иранмен экономикалық соғыспен жалғастырды.

Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығуымен құқықтық және саяси тұрғылардан шынайы түйткілдермен бетпе-бет келіп, жеңіліс тапты.

Иран халқы дұшпандардың барлық қастандығынан бірлік пен ынтымақтастық және біртұстастықтың арқасында шығады» деді.

Иран президентінің Американың біржақты әрекеттері мен «Ортақ қадам» келісіміндегі уәде бұзушылықтарының салдарларын сараптаған сөзі көрегенділікпен айтылған.

Америка басшылары қарашаның төртінен кейін Теһранмен сауда серіктестіктерін жалғастыратын кез келген компанияға санкция салу арқылы Иранның мұнай экспортының көлемін төмендетуді көздейтіндіктерін айтқанымен, Америка үкіметі осы салада көптеген кедергілермен бетпе-бет келіп отыр.

Bloomberg жұма күнгі бас мақаласында Америка президенті Дональд Трамптың еуропалық елдермен қайшылықтарына сілтеме жасап: «Америка одақтастарының жәрдемі болмаса, Иранды түйткілге тірей алмайды» деп жазды.

Bloomberg Трамп үкіметінің Иранмен байланысты Swift жүйесін үзу бойынша жасап жатқан талпыныстарына тоқталып, оны нашар идея деп атады.

Swift жүйесі (Банкаралық қаржы байланыстарының әлемдік қоғамдастығы) әлемдік қаржы операцияларын жеңілдетеді.

Бұл жүйенің Басқарма кеңесінің мүшелерін америкалық банктердің директорлары құрайтындықтан Америка үкіметі Иранның осы арнаға қолжетімділігін тоқтату үшін қысымдарды күшейтті.

Swift жүйесін Иранмен байланысты үзу үшін мәжбүрлеу бұл ұйымды Еуропаның заңдарынан жалтаруға міндеттейді.

Қазір халықаралық сарапшылар ядролық келісімде Америка қалсын, қалмасын Американың басына келетін пәле ядролық келісім – «Ортақ қадамның» басына төнетін ықтималды бәледен үлкенірек болады деген болжам айтуда.

Саяси және халықаралық мәселелердің сарапшысы Ден Глизбрук «Трамптың Иранның мұнайына қатысты қиялы ондаған жылға кешікті» деген мақаласында: «Америка басшыларының «Иранның көзі жою» деген жындылығының себебі айқын. Иранның тәуелсіздігі аймақтағы империалистік бақылауға қатер төндіреді.  Бұл мәселе һәм Американың әскери күшін, һәм доллардың әлемдік рөлін әлсіретеді» деді.

Қазір Трамптың Иранға қатысты саясатындағы маңызды бөлімдерге елдің ішкі кеңістігіне әсер етіп, экономиканы әлсірету, Иран жүйесінің заңдылығы мен оның халықтың қолдауына ие болуы мен ықпалына күмән тудырып, зымыран саласындағы қорғаныс әлеуетін шектеу жатады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи қасиетті кесенелер мен шекараларды  қорғау жолында шәһид болғандардың отбасыларының бір тобымен кездесуде: «Америка президентінің бос сөздері - соны тақырып емес. Себебі, ислам жүйесі әуел бастан әртүрлі қастандықтармен бетпе-бет келді. Алайда, Иран халқына жамандық тілеушілер ешқандай қате іске бара алмады» деді.

Иран өткен жылдар бойы қоқан-лоққыларды мұрсатқа айналдырып келеді. Еуропалық елдер мен Америка арасында Иранға  салынған санкцияларға қатысты шынайы алауыздықтар пайда болған қазіргі жағдайда Иран басқа елдермен байланыстарын нығайтып,  санкциялардан да оңай өтеді.

 

 

Тегтер

Oct 15, 2018 18:04 Asia/Almaty
Сараптама