• Иран газеттері әлем тілшілеріне

Бірнеше ирандық газет "Азаттықты қорғау" деген тақырыптағы мәтінді дүйсенбі күнгі ортақ бас мақала ретінде жариялады.

"Еттелаат", "Иран", "Һамшаһри", "Шаһрванд", "Сазандеги", "Ебтекар", "Форсат-е емруз" және "Баһар" газеттері осы ортақ мақалада әлем халықтарының АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанының салдарларына көңіл аударуы қажеттігін айтып: "АҚШ-тың ядролық  келісімнен шығуы дипломатия мен ақлаққа қайшы қатынас болса, Иран халқына қарсы әділетсіз санкция салу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы адам сенгісіз жауластық әрекет болып отыр.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран халқына санкция салумен қоса, басқа халықтарды да Иранмен мәміле жасаған жағдайда жазалайтынын айтып, қорқытып отыр. Бұл мәміле жасау бостандығынан айыру болып табылады",-деп жазды.

Ирандық тілшілер осы ортақ мақалада әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық азат ойлы тілшілерді үкіметтердің ықпалына түспей, адамның азаттығы принциптеріне сызат түсіруге қарсы батыл үн қосуға шақырды.

Тегтер

Oct 15, 2018 20:47 Asia/Almaty
Сараптама