ИИР Президенті нақты бағдарламаларға сәйкес, АҚШ-тың ұзақ мерзімде өзінің Иранға қарсы саясаттарын жалғастыруға қауқарсыз екенін мәлімдеді.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Иран университеттері ұстаздарының бір тобының қатысуымен өткен экономикалық жиналыста ел экономистерінің экономикалық қиындықтарды азайту үшін жанашырлықпен жобалар ұсынып, пікір білдіріп, қолдау көрсеткеніне алғыс айтып: «Үкімет дұшпандардың психологиялық және экономикалық соғыстарымен күресіп, қиыншылықтарды жою үшін ауқымды жоспар дайындады»,-деді.

Рухани жақсырақ болашақтан үлкен үміт күтетінін айтып: «Қазіргі таңда Үкімет тіпті ауыр жағдайда да негізгі тауарлармен қамтамасыз етуде ешқандай қиыншылық тумайтындай жоспар дайындады. Дұшпандар Иранға қарсы психологиялық және экономикалық соғыста жеңіліс табады»,-деді.  

Тегтер

Oct 16, 2018 10:50 Asia/Almaty
Сараптама