• Рухани: Шәһидтердің жанұялары – Иран халқының мақтанышы

ИИР Президенті шәһидтердің қадірменді жанұяларын Иран халқының мақтанышы мен ар-ұжданы деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке шәһидтер Расул мен Мансур Молла Аббасилердің анасы және жанұяларымен кездесіп, шәһидтер, жанкештілер мен ардагерлердің жанұяларымен кездесудің үкімет басшылары үшін жоғары мәртебе екенін айтып, олардың Иран жері мен халқын қорғау жолындағы жанпидалығының мәңгілік есте қалатынын мәлімдеді.

ИИР Президенті шәһидтердің ата-аналары мен ардагерлердің жанұялары тілейтін дұғалардың бағдарламаларды жақсырақ ілгерілетуде әсерлі екенін, үкімет пен жауапты басшылардың да елдің қиындықтарын шешу және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолында талпыныс жасап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Рухани сәрсенбі күні кешке  Қасиетті қорғаныс кезінде денесі 70 пайыз жарақат алған ардагер Қасым Ченанидің үйіне барып, оның жанұясымен кездесіп: "Соғыста жараланғандардың жанұялары, әсіресе күйеулерімен қатар жүріп, қиындықтарға төзген олардың жұбайлары жауынгерлердің өзіндей, тіпті көбірек Құдайдың рақымына ие болып, екі дүниеде де ізет-құрметке бөленеді",-деді.  

 

Тегтер

Oct 18, 2018 18:37 Asia/Almaty
Сараптама