• Сирия Иранмен экономикалық байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады

Сирия сауда палаталары одағының бас хатшысы Иран мен Сирия арасында экономикалық байланысты кеңейту жолындағы кедергілерді жоюды сұрады.

Мұхаммад Хамшу сенбі күні Теһранда Иран мен Сирия сауда ынтымақтастығын дамыту тақырыбында өткен алғашқы форумда сөйлеген сөзінде Сирияны қайта жөндеуде ИИР-ға басты басымдық берілетінін айтты.

Сирия сауда палаталары одағының бас хатшысы екі елдің көлік жасау саласындағы әріптестігіне тоқталып, Иран мен Сирияның тасымал, банк жүйесі, мердігерлік және өндірістік жобалар бойынша ортақ компаниялар құра алатынын мәлімдеді.  

Хамшу Сирияның әлеуеттерін Иранмен экономикалық байланыстарды дамыту жолында пайдалану қажеттігін, Сирияда ортақ көрмелер өткізу арқылы екі елдің ынтымақтастығын арттыруға болатынын айтты.

Иран мен Сирияның сауда ынтымақтастығын дамыту тақырыбындағы екікүндік форум екі елдің экономикалық белсенділерінің қатысуымен бүгін Теһранда басталды.  

Тегтер

Oct 20, 2018 20:53 Asia/Almaty
Сараптама