Иран Ислам революциясының жетекшісі қазанның 22 күні қасиетті кесенелерді қорғау жолында шәһид болғандардың отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "Егер қасиетті кесенелердің қорғаушылары болмағанда, "Арбағин" шеруі болмайтын еді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі кездесуде пәк имамдардың (ғ.с.) қасиетті кесенелерін қорғаушылардың  өткен жылдардағы қозғалыстарының Аббаси халифалары кезеңіндегі өмірлерін қиып, имам Хусейннің (ғ.с.) қабірін жойып жіберуге рұқсат етпегендердің қозғалыстарына ұқсас екендігіне тоқталып: "Егер сол кезде адамдар өмірлерін қимағанда, имам Хусейннің (ғ.с.) ұлылығы мен даңқы дүниеге таралмас еді",- деді.

Аятолла Хаменеи имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағин» жаяу шеруіне әртүрле елдердің адамдарының қатысатындығын айтып: "Бұл істің негізін Аба Абдолланың қабіріне зиярат ету үшін өмірлерін құрбан еткендер қалыптастырды. Егер күрескерлер болмағанда, дұшпан хазірет Аба Абдолланың (ғ.с.) қасиетті қабіріне дейін жететін еді. Қасиетті кесенелердің қорғаушылары Ислам мен мұсылмандарды дұшпанның қастандықтарынан құтқарды. Бұл істі жастар іске асырды. Алла қаласа, жақын келешекте ислам әлемі олардың берекесін көреді",- деді.

 

 

Oct 25, 2018 09:17 Asia/Almaty
Сараптама